Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еурокомиссия Еуроодақ-Қазақстан әріптестігі туралы Жаңа келісім құру бойынша өтетін 2011 жылғы келіссөздерде ілгерілеушілік болады деп үміттенеді

ССЕЛЬ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еурокомиссия Еуроодақ-Қазақстан әріптестігі туралы Жаңа келісім құру бойынша өтетін 2011 жылғы келіссөздерде ілгерлеушілік болады деп үміттенеді.

Еурокомиссия Еуроодақ-Қазақстан әріптестігі туралы Жаңа келісім құру бойынша өтетін 2011 жылғы келіссөздерде ілгерілеушілік болады деп үміттенеді

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісімен болған сұхбаты барысында Еурокомиссияның Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі бас директораты бөлімінің бастығы Пьер Боргольтс мәлім етті.

«Біз биылғы жылы Ынтымақтастық жөніндегі жаңа келісімді жасау бойынша өтетін келіссөздерде ілгерілеушілік болады деп күтудеміз, бұл келісім Қазақстан мен Еурроодақ арасындағы өзара тығыз іс-қимыл үшін терең қарым-қатынасқа жол ашады», - дейді еуропалық шенеунік.

Бұл келісім ынтымақтастық пен әріптестік жөніндегі жыл сайынғы негізде ұзартылып отыратын, бұрынғы келісім орнына келеді.

Қазақстан мен Еурроодақ арасындағы екіжақты қарым-қатынасқа баға берген Еурокомиссия өкілі бұл қарым-қатынастың даму деңгейі еуропалық тараптың үлкен қанағаттанушылығына ие деп атап өтті. «Біздің өзара іс-қимылымыз тек дамып қана келе жатқан жоқ, сонымен қатар бірлескен байланыстар барысында тереңдеп те келеді. Мысалға, 2010 жылы қазан айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге жасаған сапары мен оның Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен жүргізген келіссөздері ҚР мен Еуроодақ арасындағы ашық диалог бағыттарын айтарлықтай тереңдетті», - дейді П. Боргольтс.