17:04, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еуроодақ Қазақстандағы журналистік білімді дамытуды қаржыландырады
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Еуропалық Одақ «Аймақтық тәуелсіз БАҚ-ты сапалық іскерлік журналистиканы қалыптастыру арқылы дамыту» жобасын қаржыландыруға келісімін берді.
Бұл туралы ҚазАқпаратқа Еурокомиссияның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы өкілдігінен хабарлады.Жоба екі жылға есептелген және оған Еуроодақ 201 108 еуро мөлшерінде үлес қоспақ. Ол бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық және редакторлық тәуелсіздігін журналистік білім сапасын көтеру және журналистика саласындағы мамандандыруды ынталандыру арқылы дамытуға бағытталған. Бұл жоба бойынша мына шаралар қамтылады: журналистикадағы мамандандыруды дамыту; мамандандырылған курстарды жасау және енгізу (қаржылық/іскерлік, экологиялық, сараптамалық журналистика; сот қорғау саласындағы журналистика, фотожурналистика, журналистік этика және т.б.); елдегі үкіметтік емес ұйымдардың медиалық желісін нығайту; пікірсайыстарға тарту арқылы мамандықты тарату.Бұл жобаның ауқымындағы жоба негізінен баспа басылымдары мен Қазақстанның 8 аймағындағы (Алматы, Қостанай, Астана, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Тараз, Петропавл) журналистердің кәсібилігін дамытуға бағытталады. Жоба бойынша мақсатты топтарға журналистика мамандығын даярлайтын 8 қазақстандық университет әкімшіліктері мен студенттер, аймақтық білім департаменттері, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тартылады. Жоба Демократия және адам құқықтары саласындағы еуропалық бастамалар ауқымында қаржыландырылады және «Десента» қоғамдық қоры «МедиаНет» халықаралық журналистика» қоғамдық қорымен ынтымақтастықта жүзеге асырады.