Еуроодақ өзін жаңаша айқындауы керек - Еуропалық академияның директоры
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуроодақ өзін жаңаша айқындауы керек. Кеше Алматыда өткен «Шығыс Еуропа және Орталық Азия: 20 жылдағы өзгерістер, ынтымақтастық әлеуетінің дамуы және қарым-қатынас» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай пікір білдірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл сыртқы, ішкі ықпалдастықта Еуропалық Одаққа жаңа мүшелерді, жаңа елдерді қабылдау кезінде және институттық ұйымда аңғарылып отыр. Мәселен, Еуроодақты қабілетті етуді көздейтін «Лиссабон келісімінің» сәтті, сәтсіз болатыны әлі айқын емес. Еуроодақтың дағдарысы - ықпалдастықта», дейді Еуропалық академияның директоры Эккарт Штратеншульте. Саяси ғылымдар докторының айтуынша, Еуропа уақыт талабының жаңа шақырулары алдында тұр. Бұл - климаттың өзгеруі, энергиямен қамтамасыз ету, жаһандану үдерісінің ықпалы және тағы басқалар. Сондықтан енді Еуроодақ өзін жаңаша айқындауы керек. Кооперациялық жаңа құрылымға Ресейді тарту қажет. Еуропалық Одақ сондай-ақ Орталық Азия елдерімен тығыз байланыс жасауы тиіс. Өйткені олар бейбітшілік пен ынтымақтастықты өркендетуде маңызды серіктестер.