Еуроодақ реформасы туралы Лиссабон шарты ағымдағы жылы желтоқсанның 1-де күшіне енеді

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Еуроодақ реформасы туралы Лиссабон шарты ағымдағы жылы желтоқсанның 1-де күшіне енеді.
None
None

 Бұл туралы бүгін журналистерге Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Норбер Жюстен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Еуроодаққа мүше барлық 27 ел жаңа құжатқа қол қойды.

 Осылайша, Еуроодақтың ролі артып, өзі басшылық ететін институттарына реформалар жүргізуге және қоғамдастық тарихындағы тұңғыш президентті тағайындауға мүмкіндік алды.

«Барлық одақтық және жергілікті шешімдер мүше мемлекеттермен қатар, Еуропарламентпен қабылданатын болады. Барлық сұрақтар мен мәселелер ұжымдық деңгейде шешіледі», деді Н. Жюстен.   

  Еуроодақ Президенті болып Бельгия Премьер-Министрі Херман ван Ромпой сайланды. Баронесса Кэтрин Эштон Еуропалық Одақтың сыртқы қатынастар мен қауіпсіздік саласындағы саясат мәселелері бойынша Жоғары өкілі және Еуропалық Комиссия төрағасының орынбасары лауазымдарын теңдей атқаратын болады. 

 Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігі желтоқсан айынан бастап Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі болып өзгертіледі.

Соңғы жаңалықтар