Еуропа дұрыс бағытта емес: Трамп Давоста өткен форумда сөз сөйледі

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Air Force One ұшағы техникалық ақауға байланысты кері бұрылып, сапары кешігуі мүмкін деген болжамға қарамастан, Давосқа уақытында жетіп, форумда сөз сөйледі, деп хабарлайды ВВС.

Трамп выступил с речью на форуме в Давосе
Фото: youtube.com

АҚШ президенті сөзін алдыңғы әкімшілікті сынға алудан бастады. Оның айтуынша, демократтар АҚШ-ты экономикалық тұрғыда да, халықаралық аренада да едәуір әлсіреткен. Алайда Трамп пен оның командасы бұл жағдайды түзете алғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Дональд Трамп Еуропа құрлығының даму жолын қате таңдағанын айтты.

«Мен Еуропаны жақсы көремін, оның гүлденгенін қалаймын. Бірақ ол дұрыс бағытта дамып жатқан жоқ», – деді Трамп.

Ол қазіргі күйіндегі Еуропаны «мойындамайтынын» айтып, бақылаусыз жаппай көші-қонды, бюджет пен сауда балансының тапшылығын, сондай-ақ еуропалық көшбасшылардың әрекетсіздігін сынға алды.

Гренландия мәселесіне қатысты Трамп АҚШ қажетті нәтижеге жету үшін күш қолдануға ниетті емес екенін, алайда аралды сатып алу жөнінде дереу келіссөз бастауды талап ететінін айтты.

Ол Гренландияны ұлттық қауіпсіздік үшін өмірлік маңызы бар аумақ деп атап, бұл территорияны қорғау мен дамытуға тек АҚШ қана қауқарлы екенін жеткізді. Сонымен бірге америкалық әскери қатысудың күшеюі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Сондай-ақ Трамп Венесуэла алдағы алты айда соңғы 20 жылда тапқан табысынан да көп қаржы табуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ол сөзінде АҚШ-тың саудасы мен экономикасына ерекше назар аударған Трамп соңғы бір жылда елдің ай сайынғы сауда тапшылығы инфляциясыз 77 пайызға қысқарғанын айтты. Оның айтуынша, АҚШ-та жаңа болат зауыттары салынып жатыр. Сонымен қатар ол жалпы сауда көлемінің 40 пайызын қамтитын жаңа сауда келісімдері жасалғанын, оның ішінде Еуропа, Жапония және Оңтүстік Кореямен, әсіресе мұнай-газ саласындағы келісімдер бар екенін атап өтті.

Бұған дейін Дональд Трамптың Давосқа рекордтық делегациямен келетіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар