Еуропа лигасы: Бүгін финалға шығатын командалар анықталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 8 мамырда футболдан UEFA Еуропа лигасы жартылай финалындағы қарымта ойындар өткізіледі.

Футбол
Фото: UEFA

Жарыстың аталған сатысындағы кездесудің бірінде «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Атлетик Бильбао» (Испания) шеберлік байқасады.

Ойын Қазақстан уақытымен сағат 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде англиялық клуб басымдық танытса, біреуінде тең нәтиже тіркелді.

Алған жарақатына байланысты жартылай қорғаушылар «Атлетик Бильбао» сапынан Ойан Сансет, Унаи Гомес бүгінгі ойыннан тыс қалып отыр.

Ал «Манчестер Юнайтед» қатарынан қорғаушы Маттейс де Лигт, Лисандро Мартинес, Диогу Дало, Айден Хевен, жартылай қорғаушы Тоби Коллайер, шабуылшы Джошуа Зиркзее жасыл алаңға шықпайды.

«Атлетик Бильбао» құрамынан жарақат салдарынан Ойан Сансет, Нико Уильямс, Иньяки Уильямс өз командасына көмектесе алмайды.

Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Бодо-Глимт» (Норвегия) пен «Тоттенхэм Хотспур» (Англия) ойнайды.

Бұл кездесуге «Тоттенхэм Хотспур» қатарынан қорғаушы Раду Дрэгушин, шабуылшы Сон Хын Мин, «Бодо-Глимт» қатарынан жартылай қорғаушы Сивер Скейде, Джеймс Мэддисон, Лукас Бергвалль жарақатына байланысты ойынға қатыспайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы финалына шыққан командалар анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар