Еуропа лигасы: «Ордабасы» жарысты бірінші іріктеу кезеңінде аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Шымкенттік «Ордабасы» футбол командасы UEFA Конференция лигасындағы ойындарын бірінші іріктеу кезеңінде аяқтады.

Шымкенттік команда Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен қарымта ойын өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық команда жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен ойлаған мақсатына жете алған жоқ. Есесіне өзінің қақпасына гол жіберіп алды. Бұл голды 45-минутта «Торпедо» сапынан Иракли Бидзинашвили өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде грузиялық командадан Соломон Кверквелия 49-минутта қызыл қағазбен алаңнан қуылды. Соған қарамастан «Торпедо» тоқсаныншы минутқа дейін басымдықты сақтап тұрды. Ойынның 95-минутында «Ордабасы» сапынан Абылайхан Жұмабек таразы басын теңестірген еді.
Командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, бірінші ойында қазақстандық клуб қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберген еді.
Екі ойынның нәтижесімен «Ордабасы» жарысты аяқтады.
Еске салсақ, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» клубын (1:1, 2:0) қапы қалдырды.
Ал елордалық «Астана» аталған турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастайды.