Еуропа Одағының Сыртқы істер кеңесі Украинадағы жағдайды талқылайды
АСТАНА. KAZINFORM — 17 наурызда Брюссельде ЕО Сыртқы істер кеңесі өтеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Оған Одаққа мүше мемлекеттердің 27 Сыртқы істер министрліктерінің басшылары қатысады.
Отырысты Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкіл Кая Каллас жүргізеді.
Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибихамен бейнеконференциялық талқылау жоспарланған.
Сонымен қатар, министрлер Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды, одан кейін Сирия мен Иранға қатысты пікір алмасу болады. ЕО мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардағы жағдай бөлек қарастырылады.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Еуропалық Одақ тоғызыншы Брюссель конференциясын өткізеді — «Сирияны қолдау: сәтті өтпелі кезеңдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру».
Бұған дейін Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия және Польша қорғаныс министрліктерінің басшылары Парижде кездесіп, АҚШ пен Ресейдің жақындасуына жауап ретінде Украинаның жаңа қауіпсіздік құрылымын талқылаған болатын.