«Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанның еуропалық елдермен арадағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді - Қазақстанның Ресейдегі Елшісі
Келіссөзге Испанияның Ресейдегі Елшісі Хуан Антонио Марк пен Еурокомиссияның Ресей Федерациясындағы өкілдігінің басшысы Фернандо М.Валенсуела қатысты.
Тараптар Ауғанстандағы ахуалды, Еуроодақтың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарын, Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығын, сондай-ақ «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу жайын талқылады.
Зауытбек Тұрысбеков кездесу барысында еуропалық дипломаттардың назарын заңсыз миграция мен есірткі трафигі проблемаларын шешуге, Еуроодақтың Қазақстанға грант бөлу мәселесіне аударды. Ол сондай-ақ «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыру түрлі салаларға алдыңғы қатарлы еуропалық тәжірибелер мен технологияларды енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.