Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еуропалық бизнес қауымдастығы Қазақстандық сақтандыру компаниясын үздік деп таныды

АЛМАТЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - «БТА сақтандыру» АҚ-ы Еуропалық бизнес қауымдастығы тағайындаған  «Үздік кәсіпорын» деп аталатын халықаралық марапатқа ие болды.

Еуропалық бизнес қауымдастығы Қазақстандық сақтандыру компаниясын үздік  деп таныды

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Басқарма төрағасы Сергей Лаврентьевке «Жылдың топ-менеджері» құрметті атағы берілген.

Еуропалық бизнес қауымдастығы (Europe Business Assembly (EBA) тәуелсіз халықаралық корпорациясы Ұлыбританиядағы Оксфордта орналасқан.  Оның негізгі қызметі экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту. ЕБҚ-ның бұл марапаты жетекші және барынша бәсекеге қабілетті компанияларға дамудағы жоғары көрсеткіштері үшін беріледі. Онда үздіктер ақпараттық және рейтингтік агенттіктердің статистикалық және консалтингтік  деректері бойынша анықталады.

 «БТА сақтандыру» АҚ-ы 2011 жылы сақтандыру сыйақысын жинауды 2 есе ұлғайтып, 4 811 миллион теңгеге дейін жеткізді. Активінің көлемі 27 663 миллион теңгеге жетіп,  өсу қарқыны 5 пайызды құрады. Жеке капиталы 5 пайызға өсіп, 22 469 миллион теңгеге дейін ұлғайды. Ол сақтандыру нарығында  актив көлемі бойынша төртінші, ал капитал көлемі бойынша үшінші орын алады. Компания жоғары жетістіктері үшін былтыр  сондай-ақ, Ұлыбританияның World Finance Magazine журналының нұсқасы бойынша «Үздік сақтандыру компаниясы» марапатына ие болған болатын.