Еуропалық елдердің елшілері Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съездеріне жоғары баға берді

ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп Астанада тіркелген Франция елшісі Жан-Шарль Бертонэмен, Австрия елшісі Урсула Фарингермен, Италия елшісі Пиери Альбертомен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Дипломатиялық корпус өкілдерінің бұл сапарының мақсаты «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасын және өз деңгейлерінде Қазақстандағы діни жағдайды талқылау болды. Еуропалық дипломаттар сындарлы әңгіме барысында мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда діни ғұрыптар мен рәсімдер өткізуге шектеу қою, шетелдік миссионерлерді тіркеу, Қазақстан аумағындағы діни бірлестіктердің қызметі мен жаңа мәртебесі мәселелеріне ден қойды.

Шетелдік елдердің ресми тұлғаларына елдегі ағымдағы діни жағдай жөнінде толыққанды ақпарат берілді - шетелдік елшілер Қазақстанда діни тұрғыда қандай да бір қарама-қайшылықтар байқалмайтынына көздерін жеткізді.

ҚР Дін істері агенттігі төрағасының айтуынша, «қазір мемлекеттің алдында қазақстандық бренд - конфессияаралық толеранттық пен келісімді сақтау міндеті тұр». Діни жағдайдың тұрақтылығын сақтау - бұл өте маңызды фактор. Бұл орайда Агенттіктің алдына маңызды міндет - зайырлы қоғамда діннің мәнін және рөлін түсіндіру міндеті қойылып отыр.

Ол сондай-ақ өзінің әріптестеріне келесі жылы мамырда Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының төртінші съезін өткізу жөніндегі ұйымдастыру шаралары туралы айтып берді. Бұл съезде Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде конфессияаралық келісімді сақтау және молайту мақсатын көздейтін Діни қайраткерлер кеңесін құру туралы тұжырымдамаға әлемдік конфессиялар көшбасшыларының қол қоюы көзделіп отыр.

Өз кезегінде дипломатиялық корпус өкілдері өз елдеріндегі дін саласындағы заңнамалық база тәжірибемен бөлісті, Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұдайы өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездеріне жоғары баға берді.

Агенттік төрағасы дипломатиялық корпус өкілдерін Астанада 29-30 қыркүйек күндері өтетін Қазақстан дінтанушыларының бірінші форумына қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар