Еуропалық инвестициялық банк Қазақстанмен стратегиялық қарым-қатынасқа және маңызды жобаларға инвестиция салуға мүдделі

ССЕЛЬ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуропалық инвестициялық банк Қазақстан Республикасымен стратегиялық қарым-қатынасқа және республика үшін маңызды жобаларға, әсіресе климатты өзгерту саласындағы жобаларға инвестиция салуға мүдделі.
None
None

Еуропалық инвестициялық банктің президенті Филипп Майштадт Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтағы елшісі, республиканың Еуроодақ пен НАТО жанындағы миссиясының басшысы Ерік Өтембаевпен болған кездесуде осылай деді.

Банк басшысы мен қазақстандық дипломат қазіргі таңда сарапшылар деңгейінде келісіліп жатқан жобалар бойынша пікір алмасты. Ф.Майштадт мырза банктің ағымдағы жылдың аяғына дейін Қазақстанмен бірқатар келісімшарттар жасау ниетін атап көрсетті.

Осыған орай Астанада өтетін Еуропалық қайта құру және даму банкі басқарушыларының 20-шы мәжілісінің аясында инвестициялық банк делегациясы мен қазақстандық мемлекеттік орган басшыларының арасында бірқатар келіссөздер өткізу туралы шешім қабылданды. Тараптар сондай-ақ Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық инвестициялық банктің арасындағы Жол картасын әзірлеу қажеттілігін атап көрсетті. «Бұл құжат, мүдделерді оңтайлы және өзара тиімді жүзеге асыру үшін, Қазақстан мен Еуроодақтың біртұтас инвестициялық және инновациялық платформаларын жасаудың бастамасы болуы керек»,- деп атап көрсетті Е.Өтембаев өз сөзінде.

Кездесу барысында Қазақстан дипломаты ел басшылығының ағымдағы жылы Ф.Майштадтқа ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі мәртебесін беру ниеті туралы хабарлады.

Соңғы жаңалықтар