12:45, 05 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін талқылаудың негізгі алаңы ЕҚЫҰ болып қалуы керек - НАТО Бас хатшысы
ЕЛЬ. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін талқылаудың негізгі алаңы ЕҚЫҰ болып қалуы керек.
Бұл туралы жұма, желтоқсанның 4-і күні өткен Ресей-НАТО кеңесінің министрлер мәжілісі аяқталғаннан кейін, Альянс Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлім етті.
НАТО Бас хатшысы қорытынды баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде, еуропалық қауіпсіздіктің жаңа құрылымын қалыптастыру туралы Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің ұсынысына НАТО елдерінің көзқарасы туралы сауалға қатысты, Альянс елдерінің сыртқы істер министрлері аталмыш құжатты талқылауға әзір екендерін жеткізді, «бірақ, дегенмен,еуропалық қауіпсіздік мәселелерін талқылаудың негізгі алаңы ЕҚЫҰ болып қалуы керек» деді.