Еуропалық қайта құру және даму банкі «Орталықазиялық электр энергетикалық корпорациясы» АҚ жарғылық капиталының 18 пайызын сатып алады

АЛМАТЫ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Орталықазиялық электр энергетикалық корпорациясы» АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) корпорацияның капитал құрамына енуі туралы келісімшартқа қол қойды,

Еуропалық қайта құру және даму банкі «Орталықазиялық электр энергетикалық корпорациясы»   АҚ жарғылық капиталының 18 пайызын сатып алады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл келісім бойынша ЕҚДБ корпорацияның мәлімденген жарғылық капиталының шамамен 18 пайызын сатып алу арқылы 9,2 миллиард теңгенің инвестициясын салмақ. Бұл, ЕҚДБ-нің Қазақстандағы директоры Майкл Вайнстиннің айтуынша, аталмыш банктің республикадағы жекеменшік энергетикалық компанияның капиталына құйған алғашқы инвестициялық жобасы болып отыр. Тартылған капитал корпорация дайындаған және мемлекеттік органдармен келісілган инвестициялық бағдарламаның іске асуына жаратылмақ. 2018 жылға дейінгі инвестициялық бұл бағдарламаның жалпы көлемі 55 миллиард теңгені құрайды. Ол Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы корпорация активтерінің қуаттылығын арттыруға, зиянды заттарды шығаруды азайту арқылы өндірістің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту мен қалдықтарды кәдеге жаратуға жұмсалады. Сондай-ақ жылу мен электр қуатын ысырап етуді төмендету мақсатында желілік активтерді жөндеуден өткізуге және қайта жарақтандыруға бағытталып отыр.