Еуропалық Комиссия Өкілдігі басшысы Шымкентте сапарда болады
деп хабарлайды Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі.
Сапардың мақсаты - өңірдің Еуропалық Комиссия Өкілдігінің қызметі туралы құлағдар болуын арттыру, Қазақстандағы Еуроодақтың ағымдағы бағдарламалары туралы ақпарат беру, сондай-ақ студенттермен, оқытушылармен және жұртшылықпен кездесу.
Еуроодақ биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында іске асырылған: «Азаматтық қоғам қатысуын кеңейту және гендерлік теңдік саясатын алға жылжыту арқылы демократиялық үдерістерді дамыту», «Құқығы бұзылған әйелдердің әділ сотқа қол жеткізуін қамтамасыз ету» және «Интернетке қолжетімділікті жетілдіру және қоғамдық мониторинг арқылы Оңтүстік Қазақстанда сөз бен баспасөз еркіндігін қорғау» жобаларының қорытындысын шығарды.
Бұндай бастамалар өңірде «Сана Сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Береке» қоғамдық бірлестігі және «Әлеуметтік ресурстық орталық» сияқты үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықтың арқасында орындалды. Алғашқы екі жобаның мақсаты - әйелдің қоғамдағы рөлін арттыру, қоғамның назарын гендерлік теңдік проблемасына аудару, сондай-ақ әйелдер арасында өздерінің құқықтары мен оларды іске асыру тетіктеріне қатысты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру болып табылды. Үшінші жоба Шымкентте, Түркістанда және Жетісайда үш тегін Интернет орталықтарын ашу, сондай-ақ журналистердің кәсіби қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша заң кеңестерін беру жолымен жергілікті журналистер мен студенттердің Интернет ресурстарына қол жеткізуін кеңейтуге бағытталған.
Еуропалық Комиссия Өкілдігі 2008 жылдан бері елдің түрлі өңірлерінде 15 Еуропа бұрышын ашты. Еуробұрыш - Еуропалық Одақтың қызметі мен тарихы, Еуропалық Комиссия Өкілдігінің жұмысы, Еуроодақтың ағымдағы жобалары мен білім беру саласындағы шәкіртақы бағдарламалары туралы түрлі жарияланымдар және баспа материалдары ілінген ақпараттық стендтіні қамиды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде Еуропа бұрышын ашу салтанатына Өкілдік Басшысы, Елші Норбер Жустен, зайыбы Рене Янссен-Жустенмен, Рене Мали - техникалық көмек бөлімінің басшысы, Уәлихан Бішімбаев мырза - РҚМУ ректоры, сондай-ақ басшылықтың өзге де өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысады.