16:50, 02 Маусым 2013 | GMT +5
Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу «ЕҰУ-дың құрметті профессоры» атанды
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозуға «ЕҰУ-дың құрметті профессоры» ғылыми атағын салтанатты түрде табыс етті.

Іс-шара аясында Еуропалық комиссияның президенті университет студенттеріне дәріс оқып, Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қыр-сырын ашып берді. «Біз Қазақстанды Еуропалық одақтың стратегиялық әріптесі ретінде қарастырып отырмыз. Бүгінде екіжақты тауар айналымы өсіп келеді. Қазақстанның экспорты да артып жатыр. Әлбетте, оның басым бөлігі мұнай және мұнай өнімдеріне тиесілі», - дейді Жозе Мануэль Баррозу.
Айта кетейік, Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп отыр. Сапар аясында ол Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен және Премьер-Министр С.Ахметовпен кездеспек.