Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Павлодарға сапар жасайды
Ал ертең, ақпанның 25-інде дипломат «Десента» қоғамдық қорының қызметкерлерімен кездеспек. Бұл үкіметтік емес ұйым, Еуропалық Одақ өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Демократия және адам құқықтары саласындағы еуропалық бастамашылықтар» бағдарламасы бойынша екі жобаны жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, Павлодардағы Достық үйінде «Сапалы іскерлік журналистиканы дамыту арқылы тәуелсіз аймақтық БАҚ-тарды дамыту» және «Өз құқықтарымызды қорғап, өмір сапасын арттырамыз» бағдарламаларының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтеді. Елші сондай-ақ, ақпараттық сессияға қатысып, ЕуроОдақтың гранттық бағдарламалары туралы әңгімелеп береді.
Ал С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қадірлі қонақтың қатысуымен «Еуропалық Одақ бұрышының» ашылу рәсімі болады.