Еуропалық одақтың жобасы аясында оралмандардың көші-қон мәселесі шешілуі мүмкін

СТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жаңа жоба аясында біз оралман қазақтардың өз Отанына қайтып келулеріне көмектесуді көздеп отырмыз.
None
None

Бұл туралы бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен кеңесте Еуропалық одақтың «Ізгі көршілестік көпірлері» жобасының жетекшісі Ольга Черкез мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, аталған жобаны жүзеге асыру жұмысы «АВО Хайматгартен» қорына жүктелген болатын. Бүгінде бұл ұйым көші-қон мәселесін шешу жолында алғаш рет Орталық Азия аймағына келіп, Қазақстан жерінде мигранттардың өзекті проблемаларына араласуға мүмкіндік алып отыр. «Қазақстан өзінің географиялық орналасуына орай көші-қон мәселесінде шығатын, кіретін және өтетін мемлекет болып табылады. Сондықтан бұл жерде заңсыз көші-қонның болуы заңды. Біз осы проблемаларды шешу жұмысын екі бағытта: ғылыми зерттеулерді жүргізу және мигранттарға практикалық көмек беру бойынша жүргізуді жоспарладық. Сондай-ақ біз оралман қазақтардың өз Отанына қайтып келулеріне көмек көрсетуді көздеп отырмыз», - дейді О.Черкез.

О.Черкез атап көрсеткендей, бұған дейінгі «Сатурн» жобасы аясында ұйым Украина еліндегі заңды және заңсыз мигранттардың бейімделу мәселелерімен айналысқан. Осы жобадан кейін Еуропалық одақ «АВО Хайматгартен» қорының «Ізгі көршілестік көпірлері» жобасын бекітті.

«АВО Хайматгартен» қорының директоры Фольклер Тегелердің сөзіне қарағанда, аталған ұйым қоғамның барлық әлеуметтік мәселелерімен айналысады. Оның ішінде көші-қон мәселесі де бар. «Қор мемлекеттік емес ұйым болғандықтан, біз белгілі бір елдің мүддесін көздемейміз. Көші-қон мәселесінде біз ұлтаралық ұстаным аясынан шықпауға тырысамыз», - дейді Ф.Тегелер.

Соңғы жаңалықтар