Еуропамен жан-жақты әріптестікті дамыту - ҚР Президентінің сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі - Қ.Саудабаев

СТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің тоғызыншы отырысына қатысу үшін елімізге келген Еуропалық парламенттің Орталық Азия және Моңғолия елдерімен байланыс жөніндегі Паоло Бартолоцци бастаған делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында тараптар өзара екіжақты іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты, Еуразия құрлығында қауіпсіздік пен тұрақтылықтың берік іргетасын құру мақсатында ҚР мен ЕО арасындағы тығыз және өзара тиімді әріптестікті дамытудың маңызын атап көрсетті.

Қ.Саудабаев Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуда Парламенттік ынтымақтастық комитетінің маңзды рөлін атап көрсетті және Еуропалық парламент депутаттарының жақында өткен «ЕҚЫҰ Еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламенттік форумға белсене қатысқанын атап өтті. «Еуропамен жан-жақты терең әріптестікті дамыту - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі», - деп мәлімдеді кездесуде Мемлекеттік хатшы-сыртқы істер министрі.

Өз кезегінде еуропалық делегация басшысы Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы «көпір» ретіндегі Орталық Азия аймағындағы маңызды рөлін атап өтті. Ол біздің еліміздің бұл рөлін және Еуропамен нығая түскен стратегиялық әріптестіктің деңгейін неғұрлым толық бейнелейтін ҚР мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық туралы жаңа базалық келісім жасауды қолдайтынын білдірді.

П.Бартолоцци Астана бастамасымен ағымдағы жылы өткізілуі жоспарланып отырған Ұйым Саммитінің ЕҚЫҰ-ны да және оның халықаралық сахнадағы беделін де нығайтуда маңызы зор екенін атап көрсетіп, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы жауапты миссиясын жемісті жүзеге асыруының маңызын атап өтті.

Қазақстан мен Еуропалық парламент арасындағы қарым-қатынас біздің мемлекет пен Еуропалық Одақ арасындағы ортақ ынтымақтастық аясында дамып келеді.

2000 жылы ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Парламенттік ынтымақтастық комитеті құрылды. Өткен кезең ішінде Комитеттің 9 отырысы болды. 2010 жылдың сәуірінен бастап Парламенттік ынтымақтастық комитетінің қазақстандық бөлігіне ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Бобров теңтөраға болды.

Соңғы жаңалықтар