ЕҰУ-да Украинаның Премьер-Министрі Н.Азаров дәріс оқиды

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін, 24 қараша күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Украинаның мәдениет және ғылым орталығы ашылады, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.
None
None

Аталған шара аясында Украинаның Премьер-министрі Н.Азаров оқу орнының студенттері мен магистранттары алдында дәріс оқиды. Жиын соңында Азаров мырзаға Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры атағы мен естелік сыйлық табысталмақ.

Жиынға ЕҰУ ректоры Е.Сыдықов, университеттің оқытушы-профессорлық құрамы қатысады.

Соңғы жаңалықтар