«Expo Milano-2015»: Қазақстан павильонының бюджеті 17 млн. еуроны құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан павильонының бюджеті 17 млн. еуроны құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте
None
None

«Expo Milano-2015» Бүкіләлемдік көрмесіндегі ҚР Ұлттық секциясының бас комиссары Әнуарбек Мусин мәлім етті. Қазақстан Миландағы көрмеге қатысу дайындықтарын дер уақытында қолға алып, соңғы үш жыл бойы тыңғылықты жұмыстар жүргізгенін атап өткен ол: «Біздің павильонның жалпы бюджеті 17 млн. еуродан сәл астам қаржыны құрады. Павильонның жасалу сапасында еш мін жоқ, көңілімізден шықты», - деді.

Оның атап өтуінше, Қазақстан павильоны ең аз қаржы жұмсалған сапасы өте жоғары павильондар байқауына қатыса алады.

Қазақстан павильонын Германияның «Facts and Fiction» компаниясы құрастырып шығарған. Итальяндық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қазақстан павильоны көрме қонақтары ең көп баратын бес павильоннның біріне айналып отыр.

Айта кетерлігі, 27 маусымда «Expo Milano-2015» көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күні атап өтілетін болады.

Соңғы жаңалықтар