«Expo Milano-2015» көрмесінде Қазақстан павильонын күн сайын 5 мыңдай адам тамашалауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Expo Milano-2015» көрмесінде Қазақстан павильонын күн сайын 4,5-5 мың адам тамашалауда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Expo Milano-2015» Бүкіләлемдік көрмесіндегі ҚР Ұлттық секциясының бас комиссары Әнуарбек Мусин мәлім етті.
None
None

«ЭКСПО Миланнан кейін Астанада өтетіндіктен Қазақстан павильоны екі міндетті ойдағыдай атқарып шығуы тиіс. Ол ЭКСПО-2015 көрмесіндегі басты көрнекті орын ретінде танылып, еліміздің осындай ауқымдағы шараны 2017 жылы өз жерінде өткізуге дайын екендігін көрсетуі қажет. Қазіргі уақытта біздің павильонға күн сайын орта есеппен 4,5-5 мың адам келіп тамашалауда», - деді ол.

Оның атап өтуінше, үш мың шаршы метрден астам аумақты алып жатқан Қазақстан павильоны «Қазақстан - мүмкіндіктер елі» деп аталады. Павильонның сыртқы қабаты еліміздің негізгі ауыл шаруашылық дақылы саналатын бидай масақтары түрінде кескінделген. Ал ішкі мазмұндық бөлігі ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, аквамәдениет, экология, егін шаруашылығы және жалпы Қазақстанға қатысты таңғажайып деректерге арналған алты аумақтан тұрады.

Соңғы жаңалықтар