«Эйр Астана» әуе компаниясы «Астана-Бангкок» рейсін ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы «Астана-Бангкок» бағытында жаңа рейстің ашылатыны туралы хабарлайды.
None
None

Жаңа рейс 2014 жылдың 15 желтоқсанынан бастап жайлы да жаңа «Боинг-767» ұшақтарымен орындалатын болады. Билет құны әуежай төлемдері мен салықтарды қоса есептегенде, 112 500 теңгеден басталады. Рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері кесте бойынша орындалады. Дүйсенбі, бейсенбі күндері Астанадан сағат 01.35-те ұшқан ұшақ Бангкокке 09.55-те қонады. Сондай-ақ дүйсенбі, бейсенбіде жүзеге асатын КС 232 рейсінің В767 ұшағы Бангкоктен сағат 11.05-те әуеге көтеріліп, Астанаға сағат 18.00-де келіп қонады. Астанадан Бангкокке рейсті брондауды тәулік бойы қызмет көрсететін брондау және ақпараттық орталығына немесе билет сату кеңселеріне хабарласу арқылы жүзеге асыруға болады, деп хабарланған компанияның сайтында.

Соңғы жаңалықтар