ЭЫҰ Бас хатшысы: Қазақстан жаһандық қаржы дағдарысын жеңеді және экономикалық салада прогреске қол жеткізеді

ТЕГРАН. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат - Жақында Тегранда Қазақстан Елшілігінің қолдауымен ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының президенті С.Нөгербековтың Экономикалық ынтымақтастық ұйымның бас хатшысы Х.Әнуар мырзамен кездесуі өтті.
None
None
ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанның Ирандағы Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу барысында Экономикалық зерттеулер институты мен экономикалық ынтымақтастық ұйымының арасындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда экономикалық даму мен ішкі тауарлы рыноктарды талдау жөніндегі түрлі жобаларды жүзеге асыруға, экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы техникалық-экономикалық зерттеулер бойынша жобаларды жүзеге асыруға қазақстандық тараптың атсалысу мәселесі қаралды. Әңгіме барысында сондай-ақ Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамашылығымен өткелі отырған ІІ Астана экономикалық саммитінің жұмысына Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысының қатысуы туралы, аталмыш форум аясында ұйымға мүше елдердің экономика министрлері мен ғылыми-зертеу мекемелері басшыларының арнайы кездесуін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. ЭЫҰ бас хатшысы өз сөзінде, Президент Н.Назарбаевтың басшылығының арқасында Қазақстанның аз ғана мерзімнің ішінде Орталықазиялық өңірдің көшбасшысы болып отырғанын, сондай-ақ экономикалық салада үлкен прогреске қол жеткізгенін ерекше атап көрсетті. Х.Әнуар мырза осыған орай республиканың әлемдік қаржы дағдарысынан лайықты шыға алатындығына сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар