Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Фатима Ирназарова жылжымалы нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Жылжымалы нысана көздеуден Эстония астанасы Таллинде өтіп жатқан әлем чемпионатында қоржынымызға жүлде түсті.

Фатима Ирназарова жылжымалы нысана көздеуден әлем чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ атудан жеке сайыста Фатима Ирназарова топ жарса, Зухра Ирназарова қола жүлдеге ие болды.

Фатима Ирназарова финалдық бәсекеде Украина спортшысы Виктория Рыбоваловадан 6:2 есебімен басым түссе, қола жүлде үшін таласта Зухра Ирназарова Мажарстан өкілі Бианка Барбара Фаркасн Кецелиді 6:4 есебімен жеңді.

Айта кететін жайт, іріктеу кезеңінде Зухра Ирназарова 573 ұпай жинап, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

20-26 шілде аралығында жалғасып жатқан жаһандық додада 17 елден 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Александра Ле Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа бір қадам жетпей қалғанын хабарлаған едік.