Федерер мен Надаль тарихта алғаш рет жұптасып ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі заманның екі мықты теннисшісі алғаш рет бір жақта ойнайды. Теннисшілер турнир алдында бұл мүмкіндікті талқылап, жұптасып ойнаудың керемет шешім екендігіне көз жеткізді.

Федерер мен Надаль тарихта алғаш рет жұптасып ойнайды

Лэйвер кубогы 22-24 қыркүйек күндері Прагада өтеді. Оған Еуропа құрамасы мен басқа құрлық құрамалары (Солтүстік Америка және Австралия) қатысады.