ФИФА футболдан әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның шөбін 390 еуродан сатпақ
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 19 шілдеде әлем чемпионатының финалы өтетін Нью-Джерси штатындағы MetLife стадионының газонынан алынған бөліктерді сататынын мәлімдеді, деп хабарлайды DW.
FIFA дүкенінің сайтындағы мәліметке сәйкес, алаң шөбінің әрбір бөлігі 450 доллар (390 еуро) тұрады.
Газон бөліктерінің өлшемі 17,5 × 17,5 × 17,5 деп көрсетілгенімен, оның дюйммен, сантиметрмен немесе миллиметрмен берілгені нақтыланбаған.
Сипаттамада сатып алушыларға акрил қорапшаға салынып, 2026 жылғы әлем чемпионатының логотипі, матч өткен орын, күн және қорытынды есеп көрсетілген «футбол тарихының шынайы бір бөлшегінің иесі болу» ұсынылады. Сондай-ақ жиынтыққа түпнұсқалық сертификаты жазылған USB-тасымалдағыш қоса беріледі.
Сайтта тапсырыстарды жөнелту әлем чемпионатының финалынан кейін ғана басталатыны және әзірге жеткізу тек АҚШ пен Еуропадағы мекенжайларға жүзеге асырылатыны көрсетілген.
Бұған дейін әлем чемпионатының соңғы ширек финалдық матчтарды қайдан көруге болатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Оңтүстік Африканың футболшысы Джейден Адамс әлем чемпионатынан оралғаннан кейін қайтыс болғаны туралы хабар тарады.