Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Филиппинде «Бави» тайфуны 18 адамның өмірін қиды

АСТАНА.KAZINFORM - Филиппинде «Бави» тайфуны мен одан туындаған муссоннан қаза тапқандар саны 18-ге жетті. Тағы 12 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

с
Фото: depositphotos.com

Филиппин Азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, адамдардың көбі көшкіннен қаза тапты немесе суға батып кетті. Жалпы алғанда, апат бүкіл ел бойынша шамамен 562 000 адамға әсер етті.

Филиппиннің атмосфералық, геофизикалық және астрономиялық қызметтер басқармасы «Бави» оңтүстік-батыс муссонының күшеюіне себеп болғанын хабарлады. Кейбір аймақтарда нөсер жауын әлі де жалғасады, су тасқыны мен лай көшкіні қаупі жоғары.

Зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару топтары жұмылдырылды, ал апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Филиппин жағалау күзеті сонымен қатар жүздеген жолаушының дауылға байланысты теңіз порттарында қалып қойғанын хабарлайды.

Бұған дейін «Бави» тайфуны Жапонияның Окинава аралдарына жеткенін жазған едік.