Филиппиндегі тайфуннан 200-ден астам адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Филиппиннің астан-кестеңін шығарған «Калмаэги» тайфунынан 2,9 миллион адам зардап шекті, деп хабарлайды Анадолы.

Филиппиндегі тайфуннан қаза тапқандар саны 200-ден асты
Фото: Анадолы

Төтенше жағдайлар қаупін азайту және басқару ұлттық кеңесі (NDRRMC) тайфунның салдарынан болған апаттар туралы мәлімдеме жасады.

— Елде «Тино» деп аталатын «Калмаэги» тайфунынан қаза тапқандар саны 204-ке жетті, делінген хабарламада.

Ұлттық кеңес сонымен қатар 109 адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін, тайфуннан зардап шеккендердің саны 2,9 миллионға жеткенін атап өтті.

6 қарашада Филиппин президенті кіші Фердинанд Маркос елде төтенше жағдай жариялады.

Еске салайық, бұған дейін Филиппинде тайфунынан қаза тапқандар саны артып келе жатқанын жазған болатынбыз

Сондай-ақ Филиппинді қиратқан қуатты тайфун Вьетнамға бағыт алғаны туралы хабарладық.

Соңғы жаңалықтар