Фин компаниялары Қазақстанға өздерінің экспортын арттыруға ниетті - А. Стубб

АСТАНА.  4 қазан. ҚазАқпарат - Фин елінің компаниялары Қазақстанға өздерінің экспортын арттыруға ниетті.  Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Фин бизнес-форумында Финляндияның Еуропалық Одақ және сыртқы сауда істері жөніндегі министрі Александр Стубб  мәлім етті.

Фин компаниялары Қазақстанға өздерінің экспортын арттыруға ниетті - А. Стубб

«Мен өзіммен бірге Қазақстанға еліміздің 55 компаниясының өкілдерін ала келдім. Бұл Финляндияның Қазақстанға келіп отырған ең ірі бизнес-делегациясы болып табылады. Осы бизнес-форум өзара байланысты нығайтуға септігін тигізіп, қызмет ауқымын кеңейтуге жол ашады деп ойлаймын. Біздің компаниялар Қазақстанға өздерінің экспортын артыруға ниетті», - деді жиын барысында министр  А.Струбб.

Оның айтуынша, Финляндияның жалпы ішкі өнімінің 40 пайызы экспортқа негізделген. Ал Қазақстанға фин экспорты мөлшерінің бар-жоғы 0,5 пайызы тиесілі екен.