Физика бойынша Нобель сыйлығын электрон мен жарық табиғатын зерттеген үш ғалым алды

Физика бойынша Нобель сыйлығын Пьер Агостини, Ференц Краус және Анн Л'Юлье алды. Олар электрон мен жарық табиғатын зерттегені үшін жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап. 

нобель
Фото: Nobel Prize/Facebook

Нобель комитетінің мүшелері лауреаттардың аттосекундтық физикаға қосқан үлесін жоғары бағалады: бір квинтиллион секунд ішінде молекулалық өзара әрекеттесу деңгейінде материямен не болатынын түсіну үшін ғалымдар лазерлік импульстардың миллиардтан бір бөлігіне ғана созылған лазерлік импульстармен жұмыс істеді.

Бұл импульстар атом ішіндегі электрондардың қозғалысын зерттеуге қолданылады.

Бұл — биылғы екінші Нобель сыйлығы.

Бір күн бұрын венгриялық Каталин Карико мен америкалық Дрю Вайсманға РНҚ негізіндегі вакцинаның жаңа түрін жасауға мүмкіндік берген жаңалығы үшін медицина және физиология саласындағы 2023 жылғы сыйлық берілді.

1901 жылдан бері физика бойынша Нобель сыйлығы 116 рет берілді, оған 222 адам ие болған. 

Өткен жылы физика бойынша Нобель сыйлығын француз Ален Аспет, америкалық Джон Клаузер және австриялық Антон Цейлингер өзара бөлісті.

Олар кванттық механика саласындағы зерттеулері үшін жоғары бағаланды.

Олардың тұжырымдамасы ұлы Эйнштейннің өзі қателесуі мүмкін екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар