Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунитет жүйесін зерттегендерге берілді

АСТАНА.KAZINFORM – Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы перифериялық иммундық төзімділікті зерттеген ғалымдарға берілді, деп хабарлайды DW.

Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунитет жүйесін зерттегендерге берілді
Фото: dw.com

Лауреаттардың есімі дүйсенбі 6 қазан күні Стокгольмде жарияланды. Олар Мэри Э. Брунков (Жүйелік биология институты, Сиэтл), Фред Рамсделл (Паркер ісік иммунотерапиясы институты, Сан-Франциско) және Осака университетінің профессоры Шимон Сакагучи.

Нобель комитетінің төрағасы Олле Кемпе ғалымдардың ашқан жаңалығы «иммундық жүйенің қалай жұмыс істейтінін және ауыр аутоиммунды аурулар неге бәрінде бірдей дамымайтынын түсінуде шешуші рөл атқарғанын» атап өтті.

Медицина саласындағы Нобель сыйлығы 115 рет берілді, 2024 жылға дейін адам осы салада лауреат атанды.

2024 жылы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы америкалық ғалым Виктор Амброс пен Гэри Равканға «микроРНҚ-ларды ашқаны және олардың ген экспрессиясының транскрипциядан кейінгі реттелуіндегі рөлін анықтағаны үшін» берілді.

Нобель апталығы Физиология және медицина саласындағы лауреаттардың есімдерін жариялаумен басталды. Келесі күні, 7 қазанда физика, 8 қазанда химия, 9 қазанда әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері жарияланады. 10 қазанда Ослода бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы жарияланса, 13 қазанда 1968 жылы Швеция банкі құрған Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика ғылымдары бойынша Нобель сыйлығының лауреаты жарияланады. 

Соңғы жаңалықтар