Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

АСТАНА. KAZINFORM — Илон Маск байлығы 600 миллиард доллардан асқан алғашқы адам болды. Бұл туралы Forbes хабарлады, деп жазды Report.

Маск
Фото: Shutterstock/FOTODOM

Басылым оның капиталының өсуін ғарышты игеруге мамандандырылған SpaceX компаниясының нарықтық құнын қайта қараумен байланыстырады. Тендерлік ұсыныс іске қосылғаннан кейін оның құны тамыз айында 4 400 миллиардтан желтоқсанда 8 800 миллиардқа дейін өсті. Журналдың бағалауы бойынша осыдан кейін SpaceX акцияларының шамамен 42% иелік ететін Масктың байлығы 168 миллиард долларға өсіп, 677 миллиард долларға жетті.

Алдыңғы рекорд та Илон Маскқа тиесілі. Ол қазан айында байлығы 500 миллиард доллардан асқан алғашқы адам болды.

Бұған дейін Илон Маск Tesla өтемақысының арқасында әлемдегі ең алғашқы триллионер атануы мүмкін екені айтылды. 

Еске сала кетейік, Илон Маск таныстырған адамтектес робот Optimus Tesla көрмелерінде, зауыттарында және түрлі шараларда жиі көрсетіліп келеді. Маск бұл жобаны шоу үшін емес, адамның күнделікті өмірін жеңілдететін технология ретінде қарастырады.

Соңғы жаңалықтар