Форум аясында Елбасы Сауд Арабиясының экономика министрімен кездесті

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада басталған II Астаналық экономикалық форум аясында Сауд Арабиясының Экономика және жоспарлау министрі Халед Бен Мухамад Аль Кусейбимен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бүгін елордада өтіп жатқан «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты II Астаналық экономикалық форумның негізгі тақырыптарының бірі - бүгінгі жаһандану жағдайында Ислам мемлекеттерінің экономикасын дамыту. Осыған орай Сауд Арабиясының Экономика және жоспарлау министрі Халед Бен Мухамад Аль Кусейбимен кездескен Елбасы бүгінгі мәжіліс барысында сараланатын экономикалық мәселелерді тілге тиек етіп, аймақтық экономиканы дамытудағы Ислам мемлекеттерінің рөлін ерекше атап өтті.
Соңғы жаңалықтар