10:26, 12 Қаңтар 2024 | GMT +5
Фотомұрағат: Хо Ши Миннің Дінмұхамед Қонаевпен және Қаныш Сәтбаевпен кездесуі
Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде Вьетнамға алғаш рет келіп отырғанын атап өткен болатын, деп хабарлайды Kazinform.

1959 жылы Вьетнамның ұлттық көшбасшысы, тұңғыш президенті Хо Ши Мин Қазақстанға дәл осындай сапармен келген. Оны Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев қарсы алды. Хо Ши Мин мырза белгілі қазақстандық ғалым Қаныш Сәтбаевпен де кездесті. Сол оқиғалардың тарихи кадрларын оқырман назарына ұсынамыз.







