15:47, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
Франция қазақ жерінде онкологтардың халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлауда
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Франция қазақ жерінде онкологтардың халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлауда. Бүгін елордада VI Астана экономикалық форумы аясында өткен «Ұлттық саясат. Денсаулық сақтауды әлеуметтік жаңғырту» сессиясында Францияның Г.Русси атындағы Онкология институтының директоры Александр Эггермонт осылай деді.

«Біз түрлі әлемдік сарапшыларды, қазақстандық дәрігерлерді және Г,Русси атындағы Онкология институтының мамандарын тарту арқылы Қазақстанда халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Сондай-ақ Қазақстандағы онкологиялық қызметтің даму қарқынына өз бағасын берген А.Эггермонт: «Сіздер өте қарқынды даму үстіндесіздер және кардиохирургия саласында айтарлықтай жетістіктерге жеттіңіздер. Сіздердің осындай даму қарқынмен таяу болашақтың өзінде-ақ отандық онкологиялық қызметті барынша жоғары деңгейге көтере алатындықтарыңызға сенімдімін», - деді.