Франция Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір санайды - министр Н. Брик

Н. Брик ханымның айтуынша, Қазақстан басшысы Н.Назарбаевтың ұстанған саясаты арқасында екі елдің өзара қарым-қатынасы орнықты деңгейде дамып келеді және бұндай байланыс екі елге ғана емес, барша әлем үшін жағымды жақтарын арттыруға негізделеді. «Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу аса маңызды шешім. Өз кезегінде Франция осы тақылеттес көрмелердің 17-ісін өткізіп, рекорд жасаған болатын. Бұның арқасында біз әлемге бар қырымыздан ашылып, өзіміздің мәдениетімізді баршаға танытып қана қоймай, экономикалық даму жолымызды да айқындай алдық. Осы тұрғыдан алғанда, 15 жасқа жаңа толып жатқан Астана үшін алдағы халықаралық көрме оның өміріндегі басты оқиғаларға айналады деген сенімдемін», - деді Франция министрі.
Оның сөзіне қарағанда, «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы арқасында Астана келешектегі энергия дамуының авангардына айналмақ. «Қазақстан «Болашақ энергетикасы» бастамасы арқылы Жер шарын қорғауда алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі ретінде таныла алады деп те сенемін. ЭКСПО аясындағы басым жобалардың Астананы абаттандырумен қабысуының өзі бұл бағыттың ауқымды жоспарын айғақтайды», - деді Н. Брик.