Франция сенаты халықтың наразылығын тудырған зейнетақы реформасын қабылдады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Франция сенаты ереуілдер мен наразылықтар тудырған зейнетақы реформасын мақұлдады. Заң жобасында 2030 жылға қарай зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін ұлғайту көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Benoit Tessier / Reuters

Франция сенаты зейнетақы реформасы туралы заң жобасын толығымен мақұлдады. Оған 195 адам оң, 112 адам қарсы дауыс берді. Дауыс беру нәтижесін премьер-министр Элизабет Борн Twitter-де жариялады.

«Сенат жүздеген сағаттық пікірталастардан кейін зейнетақы реформасының заң жобасын қабылдады. Бұл зейнетақы қорының болашағын қамтамасыз ететін реформалардағы шешуші қадам. Алдағы бірнеше күнде оны қабылдауға толық дайынмын», - деп жазды ол.

Заң жобасында 2030 жылға қарай зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін ұлғайту көзделген. Үкімет бұған дейін зейнет жасын 65 емес, 64-ке дейін төмендетуге келісіп, барлығына 1200 еуро көлеміндегі ең төменгі зейнетақыны уәде еткен болатын.


Соңғы жаңалықтар