16:33, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Франция тауар айналымының көлемі жөнінен Еуроодақ елдері арасында Қазақстанның ірі серіктесінің бірі - Н.Назарбаев
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Франция экс-Премьер-министрі Франсуа Фийонды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ оны келешекте арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Франция тауар айналымының көлемі жөнінен Еуроодақ елдері арасында Қазақстанның ірі серіктесінің бірі болып саналатынына да тоқталып өтті. Атап айтқанда, бүгінде экономиканың түрлі салаларында 25 бірлескен кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыруда. Бұған қоса, кездесуде екі елдің іскер топтары арасында өзара іс-қимыл аясын кеңейту бағытындағы одан арғы қадамдар қаралды.