16:37, 02 Шілде 2010 | GMT +5
Франция ТМД мемлекеттерімен бірлесіп қызмет етуге қашан да дайын - Экономикалық форум
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Франция фирмалары Қазақстанда жұмыс істеуге қашанда дайын», деп мәлімдеді бүгін Францияның Экономика, өнеркәсіп және халықты жұмыспен қамту министрлігінің Сыртқы сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Анна -Мари Идрак елордада өтіп жатқан III Астана экономикалық форумында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Францияның ТМД мемлекеттерінде қызмет етіп жатқан компанияларының жағдайлары айтарлықтай жақсы. «Олар көбінесе сауда және экономика саласы бойынша қызмет етуде. Бізде осы салалар бойынша жақсы әріптестік қатынас орнаған. Бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа құрылған ұйым - Кедендік одақ жақсы серпін береді деген үміттеміз. Біз әріптестік қатынастардың қаншалықты пайдалы екенін жақсы түсінуіміз керек. Франция ТМД елдерімен екіжақты байланыстардың дамуына қашанда мүдделі», деді Анна -Мари Идрак.