Францияда француз отбасыларының қазақстандық балаларды асырап алу жайы талқыланды

БРЮССЕЛЬ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбековтың Францияның сыртқы істер және еуропалық істер министрлігі жанындағы халықаралық бала асырап алу жөніндегі елшісі Жан-Пол Моншомен Францияда өткен кездесуі барысында француз отбасыларының қазақстандық балаларды асырап алу мәселесі талқыланды,
None
None

деп хабарлайды Франциядағы Қазақстан елшілігі.

Атап айтқанда, француздық тарап қазақстандық делегацияны Франциядағы халықаралық бала асырап алу құрылымы мен халықаралық асырап алу істерін жүргізетін орталық орган - сыртқы істер және еуропалық істер министрлігі халықаралық асырап алу бөлімінің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Тараптар балаларды қорғау жөніндегі Гаага конвенциясының қолданылуы мәселелерін қозғады. ҚР Жоғарғы сотының төрағасы аталмыш конвенцияның ережесіне сай, қазір Қазақстанда балаларды қазақстандық отбасылардың асырап алуына көбірек назар аударылатындығын мәлім етті. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасында халықаралық бала асырап алуға да жол берілетіндігін атап өтті. Осы орайда француз тарапынан халықаралық асырап алуда коммерциялық емес жолмен жұмыс істейтін екі ұйымға Қазақстанда бала асырап алғысы келетін француз отбасыларының мүддесін қорғауға рұқсат беру туралы өтініш айтылды.

Соңғы жаңалықтар