Франция лицейлерінде смартфондарға тыйым салу күшіне енді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция президенті Эмманюэль Макрон оқу жылының басталуына және лицейлерде смартфон қолдануға тыйым салудың енгізілуіне байланысты Лозер департаментінің Менд қаласындағы Шапталь лицейіне барады, деп хабарлайды агенттіктің ЕО-дағы тілшісі.

Вступил в силу запрет на использование смартфонов во французских лицеях
Фото: RFI

Президентпен бірге білім министрі Эдуард Жеффрей де лицейге барады.

Елисей сарайы таратқан хабарламаға сәйкес, Макрон оқушылармен және ұстаздармен лицейлерде смартфон қолдануға тыйым салу мәселесін талқылайды.

Жаңа ережеге сәйкес, оқушылардың телефондары өшіріліп, сөмкелерінде сақталуы керек. Медициналық мақсатта, асханада, мектеп-интернатта, сондай-ақ оқу процесіне байланысты жағдайларда мектеп әкімшілігінің шешімімен смартфон қолдануға рұқсат етілуі мүмкін.

Ережені бұзған жағдайда смартфон тәркіленуі мүмкін. Бұл шара 2018 жылдан бері колледждерде қолданылып келе жатқан тыйымды лицейлерге де енгізуді және балалардың экран алдында өткізетін уақытын қысқартуды көздейді.

— Кәмелетке толмағандарды экран алдында шамадан тыс уақыт өткізуден қорғау жөніндегі ұстанымын жалғастыра отырып, Мемлекет басшысы оқушылармен және мұғалімдермен лицейлерде ұялы телефон қолдануға тыйым салу мәселесін талқылайды, — деп мәлімдеді президент әкімшілігі.

Бұған дейін Ауғанстанның мемлекеттік қызметкерлеріне смартфон пайдалануға тыйым салынған болатын.

Сондай-ақ, смартфонның саусақтарға зияны қандай және одан қалай сақтануға болатыны туралы жаздық.