Футбол: «Алтай» командасы Бірінші лигада екінші орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лигада XVІ турдың алғашқы ойын күні мәресіне жетті.

Футбол: «Алтай» командасы Бірінші лигада екінші орынға көтерілді
Фото: «Алтай» футбол клубы

Өскеменнің «Алтай» командасы бұл жолы сырт алаңда «Ақтөбе-2» командасымен кездесті. Біріншілікті сәтсіз бастаған клуб соңғы турларда жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Нәтижесінде қазір олар үздік үштікке табан тіреді.

Бүгінгі кездесу барысында өскемендік клуб сапынан Әділет Омарбек 8, Досжан Кенжеғұлов 14, 47, Сейф Попов 52, Әліби Мұхит 77, 86-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Алтай» қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсіп, турнрир кестесінде 35 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ Павлодар облысының «Екібастұзы» өз алаңында Алматының «Қайрат-2» командасына 2:3 алматылық «Хан тәңірі» клубы сол қаланың тағы бір өкілі AKAS командасынана 0:2 есебімен жол берді.

Енді 1 тамызда «Түркістан» мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Ертіс» (Павлодар) пен «Шахтер» (Қарағанды), «Каспий» (Ақтау) мен «Тараз», «SD Family» (Астана) мен «Жетісай» (Түркістан облысы) ойнайды. 

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді. 

Соңғы жаңалықтар