Футбол: Англия әлем чемпионатында топ жара ала ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар елінде 20 қарашада жалауын көтеретін футболдан әлем чемпионатына санаулы күн қалды. Бұдан бұрын А тобындағы құрамалар жөнінде хабарлаған болатынбыз. Енді В тобының кезегі келіп отыр. Бұл топтағы құрамалар қандай деңгейде ойын көрсетті? Әлем чемпионатында қандай жетістікке жетуі мүмкін? Ойыншылардың дайындық барысы қалай? ҚазАқпарат тілшісі осы жөнінде сараптама жасап көрген еді.
None

В тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс


Англия

Былтырғы Еуропа чемпионатындағы «күмістен» кейін Англия құрамасы әлемдік мундиальда жеңімпаз болуды алдына мақсат етіп қойған жайы бар. Ағылшындар мұндай жетістікке жалғыз рет - сонау 1966 жылы қол жеткізді. Чемпион атануға құраманың барлық мүмкіндігі бар. Бас бапкер Гарет Саутгейттің шәкірттерінің шеберлігі, тәжірибесі және ойын деңгейі оған толықтай сай келеді. Ұлттық құрамаға кілең мықтылар шақырту алған. Харри Кейн секілді үздік сұрмерген талай қорғаушының бас ауруына айналатыны сөзсіз.

Шабуыл шебінде ешқандай проблема жоқ. Ал қорғаныста аздаған қиындық кездеседі. Құрама сапындағы Харри Магуайр мен Кайл Уокер толықтай өз бабына келе алмай жүр, ал Бен Чилуэлл және Рис Джеймс сынды қорғаушылар алған жарақатына байланысты құрама ойыншылары тізімінен тыс қалды.

Биыл Англия құрамасы Ұлттар лигасында төмен нәтиже көрсетті. Өз тобында төртінші орынды місе тұтты. Өз тобында ешкімді жеңе алған жоқ. Бұл жанкүйерлерді алаңдатып отыр.

Бас бапкер – Гарет Саутгейт

Қақпашылар: Джордан Пикфорд («Эвертон»), Аарон Рэмсдейл («Арсенал»), Ник Поуп («Ньюкасл»).

Қорғаушылар: Кайл Уокер («Манчестер Сити»), Киран Триппьер («Ньюкасл»), Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль»), Бен Уайт («Арсенал»), Эрик Дайер («Тоттенхэм»), Джон Стоунз («Манчестер Сити»), Харри Магуайр («Манчестер Юнайтед»), Люк Шоу («Манчестер Юнайтед»), Конор Коуди («Эвертон»).

Жартылай қорғаушылар: Деклан Райс («Вест Хэм»), Джордан Хендерсон («Ливерпуль»), Джуд Беллингем («Боруссия» Дортмунд, Германия), Мейсон Маунт («Челси»), Конор Галлахер («Челси»), Калвин Филлипс («Манчестер Сити»).

Шабуылшылар: Букайо Сака («Арсенал»), Рахим Стерлинг («Челси»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Маркус Рашфорд («Манчестер Юнайтед»), Каллум Уилсон («Ньюкасл»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Джек Грилиш («Манчестер Сити»), Джеймс Маддисон («Лестер»).


Иран

Қыркүйек айында Иран құрамасына португалиялық маман Карлуш Кейруш үш жылдық үзілістен кейін қайта оралды. Оның басшылығымен құрама екі ойын өткізіп үлгерді. Аталған ойындарда Иран футболының жұлдыздары Сердар Азмун мен Мехди Тареми мергендігімен танылды.

Әлем чемпионатына іріктеу сатысында қиын топқа түскеніне қарамастан ирандық футболшылар жақсы нәтиже көрсетті. Дүбірлі додада олар ұпайсыз қалмауы мүмкін. Десе де өз тобынан плей-офф сатысына шығуы қиындау секілді. Мамандар осылай болжап отыр.

Бас бапкер – Карлуш Кейруш

Қақпашылар: Алиреза Беиранванд («Персеполис»), Амир Абедзаде («Понферрадина», Испания), Хоссейн Хоссейни («Эстеглал»), Паям Ниазманд («Сепахан»).

Қорғаушылар: Маджид Хоссейни («Трабзонспор», Түркия), Хоссейн Канаани («Аль-Ахли», Қатар), Шоджа Халилзаде («Аль-Ахли», Қатар), Мортеза Пуралиганджи («Персеполис»), Садег Мохаррами («Локомотив» Загреб, Хорватия), Милад Мохаммади («Гент», Бельгия), Эхсан Хаджсафи (АЕК, Грекия), Рамин Резаэян («Персеполис»), Аболфазл Джалали («Эстеглал»).

Жартылай қорғаушылар: Саид Эззатоллахи («Вайле», Дания), Али Карими («Кайсериспор», Түркия), Ахмад Нуроллахи («Шабаб Аль-Ахи», БАӘ), Рузбе Чешми («Эстегляль»), Вахид Амири («Персеполис»), Саман Годдос («Брентфорд», Англия), Алиреза Джаханбахш («Фейеноорд», Нидерланды), Али Голизаде («Шарлеруа», Бельгия), Мехди Тораби («Персеполис»).

Шабуылшылар: Сердар Азмун («Байер», Германия), Мехди Тареми («Порту», Португалия), Карим Ансарифард (АЕК, Грекия).


АҚШ

АҚШ құрамасы 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатына бара алған жоқ. Есесіне биылғы доп додасына тастүйін дайындықпен келді. Алдағы мақсат - 2026 жылы өз еліндегі әлем чемпионатында бақ сынайтын мықты құрам жасақтау. Қазір АҚШ құрамасының бірқатар ойыншылары еуропалық топ-клубтарда ойын көрсетіп жүр. Олардың қатарында Кристиан Пулишич, Уэстон Маккенни, Сержиньо Дест, Джованни Рейна секілді футболшылар бар.

Грегг Берхалтер жетекшілік жасайтын құрама өз тобынан 1/8 финалға шығуға күш салады. Алайда одан жоғары қандай жетістікке қол жеткізе алуы мүмкін? Бұл жөнінде болжам жасаушылар әзірге тіс жарып ештеңе айтқан жоқ.

Бас бапкер – Грегг Берголтер

Қақпашылар: Мэтт Тернер («Арсенал», Англия), Итан Хорват («Лутон», Англия), Шон Джонсон («Нью-Йорк»).

Қорғаушылар: Кэмерон Картер-Викерс («Селтик», Шотландия), Сержиньо Дест («Милан», Италия), Аарон Лонг («Нью-Йорк Ред Буллс»), Шак Мур («Нэшвилл»), Тим Рим («Фулхэм», Англия), Энтони Робинсон («Фулхэм», Англия), Джозеф Скалли («Боруссия» Менхенгладбах, Германия), Уокер Циммерман («Нэшвилл»), Деандре Едлин («Интер» Майами).

Жартылай қорғаушылар: Бренд Ааронсон («Лидс», Англия), Тайлер Адамс («Лидс», Англия), Келлин Акоста («Лос-Анджелес»), Лука де ла Торре («Сельта», Испания), Вестон Маккенни («Ювентус», Италия), Юнус Муса («Валенсия», Испания), Кристиан Ролдан («Сиэтл»).

Шабуылшылар: Кристиан Пулишич («Челси», Англия), Хесус Ферейра («Даллас»), Джордан Моррис («Сиэтл»), Джованни Рейна («Боруссия» Дортмунд, Германия), Джош Сарджент («Норвич», Англия), Тимоти Веа («Лилль», Франция), Хаджи Райт («Антальяспор», Түркия).


Уэльс

Аталған құраманың басты жұлдызы 33 жастағы Гарет Бэйл әлем чемпионатында тұңғыш мәрте бақ сынауға мүмкіндік алды. Бәлкім, бұл қатысып отырған соңғы доп додасы да шығар. Сондықтан Уэльс құрамасының капитаны өз елінің 1958 жылғы жетістігін қайталауға бар күшін салатыны анық. Сол жылы құрама жарыстың плей-офф сатысына жолдама алған еді. Дегенмен ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы көрсеткіші жанкүйерлерді алаңдатып отырған жайы бар. Олар өз тобында небәрі бір ұпаймен төртінші орынды місе тұтты.

Соңғы Еуропа чемпионатында аталған құрама 1/8 финалға дейін жетті. Мамандар олардың плей-офф сатысына шығуда басты қарсыласы - АҚШ құрамасы деп бағалайды. Екі құрама алғашқы турда өзара кездеседі.

Бас бапкер – Роб Пейдж

Қақпашылар: Уэйн Хэннесси («Ноттингем Форест», Англия), Дэнни Уорд («Лестер», Англия), Адам Дэвис («Сток Сити», Англия).

Қорғаушылар: Неко Уильямс («Ноттингем Форест», Англия), Бен Дэвис («Тоттенхэм», Англия), Бенджамин Кабанго («Суонси»), Джо Родон («Ренн», Франция), Крис Мифем («Борнмут», Англия) , Итан Ампаду («Специя», Италия) Крис Гантер («Уимблдон», Англия), Коннор Робертс («Бернли», Англия), Том Локьер («Лутон», Англия).

Жартылай қорғаушылар: Аарон Рэмзи («Ницца», Франция), Джо Аллен («Суонси», Англия), Харри Уилсон («Фулхэм», Англия), Джозефф Моррелл («Портсмут», Англия), Дилан Левитт («Данди Юнайтед», Шотландия), Рубин Колуилл («Кардифф Сити»), Джонатан Уильямс («Суиндон», Англия), Мэттью Смит («МК Донс», Англия), Сорба Томас («Хаддерсфилд», Англия), Гарет Бэйл («Лос-Анджелес», АҚШ), Дэниел Джеймс («Фулхэм», Англия), Бреннан Джонсон («Ноттингем Форест», Англия).

Шабуылшылар: Киффер Мур («Борнмут», Англия), Марк Харрис («Кардифф Сити»).

В тобындағы ойын кестесі:

21 қараша

Англия - Иран

АҚШ - Уэльс

25 қараша

Уэльс - Иран

Англия - АҚШ

29 қараша

Уэльс - Англия

Иран - АҚШ


Басты фото: Getty Images Киран Триппьер


Соңғы жаңалықтар