Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан-Франция кездесуінде алғашқы минутта алаңға кімдер шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 наурызда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында елордада өтетін Қазақстан және Франция кездесуінде екі құрама сапында алғашқы минуттан жасыл алаңға шығатын ойыншылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Франция сапында қақпашы Уго Льорис, қорғаушылар - Люка Динь, Клеман Лангле, Курт Зума, Лео Дюбуа, жартылай қорғаушылар - Танги Ндомбеле, Поль Погба, шабуылшылар - Антони Марсияль, Антуан Гризманн, Тома Лемар, Усман Дембеле ойын көрсетеді.

Ал Қазақстан құрамасының негізгі құрамына қақпашы Влександр Мокин, қорғаушылар - Марат Быстров, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Нұрәлі Әліп, жартылай қорғаушылар - Руслан Валиуллин, Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Азат Нұрғалиев, шабуылшы - Максим Федин ілікті.

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.

Біздің футболшыларға Франция Еуропада кездесіп отырған 38-ші қарсыласы атанбақ.

Қазақстан мен Франция құрамаларының кездесуі «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Ұлттық арнада Амангелді Сейітхан және Уәлихан Қосанбай комментатор болады. Ал «Qazsport» эфирін Ерсін Ерік пен Дидар Кадыров жүргізеді.

Ойын карантин талабына байланысты жанкүйерсіз өтеді. Тікелей көрсетілім елорда уақытымен 18.50-де басталады.

Аталған ойында беларусьтік маман Алексей Кульбаков бас төреші ретінде қызмет атқарады.


Соңғы жаңалықтар