Футболдан ӘЧ: Килиан Мбаппенің голы Францияға жеңіс алып келді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Еуропа құрлығы бойынша бүгін, 5 қыркүйекте Франция Украинадан басым түсті.
Құрамалар D тобында сынға түсіп жатыр. Кездесу барысында қарсыластар тартысты ойын өткізді.
Усман Дембеле, Килиан Мбаппе бастаған франциялық футболшылар Украина қақпасы маңында жиі бой көрсетті.
Нәтижесінде олардың қатарынан Майкл Олисе 10-минутта мергендігімен көзге түссе, 82-минутта Килиан Мбаппе қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Франция қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
В тобы
Словения — Швеция 2:2
Швейцария — Косово 4:0
С тобында
Дания — Шотландия 0:0
Грекия — Беларусь 5:1
D тобы
Исландия — Әзербайжан 5:0
Украина — Франция 0:2
I тобы
Италия — Эстония 5:0
Молдова — Израиль 0:4
L тобы
Фарер аралдары — Хорватия 0:1
Черногория — Чехия 0:2.
Еске салсақ, 4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльстен 0:1 есебімен жеңіліп қалды.