Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры аяқталды.

Биыл ел біріншілігіне 14 команда қатысады. Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Ел біріншілігінде биыл «Атырау», «Жетісу» (Талдықорған), «Астана», «Елімай» (Семей), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Ақтөбе», «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайрат» (Алматы), «Томирис-Тұран» (Түркістан), «Оқжетпес» (Көкшетау), «БИІК» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай) және «Жеңіс» (Астана) сынға түседі.
Алғашқы турдың нәтижесі төмендегіше:
«Жетісу» - «Қайсар» 2:3
БИИК - Қызылжар 9:0
«Астана» - «Ақтөбе» 0:6
«Ұлытау» - «Қайрат» 0:2
«Елімай» - «Тұран» 1:1
«Оқжетпес» - «Атырау» 1:7
«Тобыл» - «Жеңіс» 3:1
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан кубогы ширек финалына шыққан барлық команда анықталды.