Футболдан бірінші лигада үшінші тур ойындары өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Доп додасы екі конференция бойынша өткізілуде. Әрбірінде жеті-жетіден команда бар.

Бірінші конференцияда 21 қыркүйекте «Қыран» «Арысты» 2:0, «Ақтөбе» «Байқоңырды» 5:0, «Алтай» «Мақтаралды» 3:0 есебімен жеңді. Үш турдан кейін 9 ұпаймен «Қыран» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Арыстың» 6, «Ақтөбенің» 4 ұпайы бар.

Енді төртінші тур 24 қыркүйекте өткізіледі. Бұл күні «Байқоңыр» мен «Алтай», «Қыран» мен «Ақтөбе», «Екібастұз» бен «Арыс» командалары кездеседі.

Ал екінші конференцияда 21 қыркүйекте «Ақжайық» пен «Жетісу Б» командалары тең түсіп, СДЮСШОР №8 клубы «Академия Оңтүстікті» 3:2 есебімен жеңді. Бүгін «Атырау» «Қайрат-Жастардан» 1:0 есебімен басым түсті.

Аталған турдан кейін «Атырау», «Академия Оңтүстік» және СДЮСШОР №8 командалары алты ұпай жинады. Командалар алғашқы үштікті өзара бөлісіп тұр.

Бұл конференцияда төртінші тур 24, 25 қыркүйекте болады. Аталған турда 24 қыркүйекте «Шахтер-Болат» пен СДЮСШОР №8 клубымен кездессе, 25 қыркүйекте «Академия Оңтүстік» пен «Атырау» , «Қайрат-Жастар» мен «Ақжайық» шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар