Футбол: Бірінші лигада «Шахтер» командасы үшінші жеңісіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші туры мәресіне жетті.

Бүгін, 25 сәуірде қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда алматылық «Хан тәңірі» клубымен кездесті.
Алғашқы екі турда қарағандылық команда ұпайдан шашау шығарған жоқ. Дегенмен олар үшінші турда алматылық клуб тарапынан қарсылыққа тап болды.
Кездесу барысында «Хан тәңірі» сапынан Артем Литош 22-минутта есеп ашса, қарағандылық клубтан 44-минутта Максим Галкин таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде «Шахтер» сапынан Айдос Тәттібаев 73, Айдос Тәттібаев 88-минутта екі гол соқса, оған алматылық командан бір голмен ажуап қайырды.
Осылайша «Шахтер» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде тоғыз ұпаймен екінші орынға көтерілді.
Сондай-ақ бүгін «Тараз» өскемендік «Алтайды» 3:0, (Өскемен), павлодарлық «Ертіс» алматылық «Қайрат-2» командасын 1:0 есебімен жеңді.
Ал 24 сәуірде ақтаулық «Каспий» Шымкенттің «Оңтүстік академияны» 3:1, астаналық «SD Family» алматылық AKAS клубынан 1:0 есебімен басым түсті.
Аталған турда «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Ақтөбе-2» 3:3 есебімен тең ойнаса, «Түркістан» өз алаңында Түркістан облысының «Жетісайына» 0:1 есебімен жол берді.