Футболдан Бірінші лигада «Тұран» алғашқы жеңісіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің ІІ турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті.

а
Фото: Kffleague.kz

Бұл күні түркістандық «Тұран» өз алаңында сол облыстың тағы бір өкілі «Арысты» қабылдады. 
Алғашқы турда Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасына 1:2 есебімен есе жіберген команда енді жеңіске жетуге бар күшін салды. Соған қарамастан олар бірінші кезеңде қарсылас қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде 50-минутта «Тұран» сапынан Темірлан Мұрзағалиев соққан гол кездесу тағдырын шешті. Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Сондай-ақ бүгін Оралдың «Жайығы» елордалық «Астана-Ж» командасын 1:0 есебімен тізе бүктірсе, «Каспий-Ж» (Ақтау) - «Қайрат-Ж» (Алматы) 1:1 есебіне қанағат білдірді.

17 сәуірдегі ойын кестесі

  • 15:00. «Шахтер» (Қарағанды) - «Батыр» (Павлодар облысы) 
  • 15:00. «Ақтөбе-Ж» - «Тараз» 
  • 15:00. «Елімай-Ж» (Семей) - «Хан тәңірі» (Алматы) 
  • 16:00. «Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Тобыл-Ж» (Қостанай).

Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.

Соңғы жаңалықтар